Ауысым жабылды —касса түгел.

Қолмен жуатын 2⁠–⁠6 бокстық автожууға. Админ кассаны санайды — ауысым қорытындысы сізге келеді.

14 күн тегін, кейін айына 9 900 ₸. Карта керек емес.

Taptaza21:40

Демо-⁠мойка: смена закрыта — Диас

9 машин, выручка 46 000 ₸. Недостача −500 ₸, карта и Kaspi сошлись.

AutoLUX, Ақтөбе Taptaza-⁠да 130-дан астам ауысым жапты

Админнің телефоны жеткілікті. Жабдық та, орнату да керек емес: браузерде ашылады. 2 минутта іске қосу. Өзіңіз тіркелесіз. Астанада келіп, орнында баптап бере аламыз. Ай сайын төлейсіз. Төлемді тоқтатсаңыз да — деректер сақталады, есептер ашылады.

Жуушы бокста көлік жуып жатыр, админ телефонда белгілеп тұр
Бокс 2 · жуылып жатыр, 18 минHyundai Accent · Кузов + воск · Санжар
Дайын · Kaspi 7 000 ₸бір рет басу, дәптерсіз
Админ көліктерді бокстың жанында белгілейді. Телефон жеткілікті, жуушыларға ештеңе орнатудың керегі жоқ.

Касса сөзбен емес, санмен түгел

Дәптер «шамамен» дейді. Taptaza — теңгесіне дейін нақты.

Қазір осылай
Taptaza-⁠мен
  • Алдымен санайды, сосын көреді. Админ кассада қанша қолма-⁠қол ақша барын енгізеді, қанша болуы керектігін содан кейін ғана көреді.

  • Қолма-⁠қол карта мен Kaspi-⁠ден бөлек. Сәйкес келмесе — қай жерде және қанша айырма бары көрінеді. Кассадан шығыстар мен жуушыларға төлемдер ескерілген.

Тағы 2
  • Кейін түзетіп болмайды. Аяқталған көліктің сомасын тек иесі өзгерте алады, жабылған ауысымды — ешкім.

  • Қорытынды — сізге Telegram-⁠ға. Көліктер, түсім және салыстыру — ауысым жабылған бойда.

Ауысымға керектің бәрі — бір телефонда

Бір тариф, қосымша ештеңе сатып алудың керегі жоқ.

  • Нөмір фотодан

    Админ көлікті суретке түсіреді — нөмір, марка және кузов түрі толады. Тұрақты клиентті Taptaza өзі таниды.

    ≈ 1 секунд

  • Адал касса

    Жүйе көрсеткенге дейін қайта санау, қолма-⁠қол карта мен Kaspi-⁠ден бөлек. Кем шықса, жасыра алмайды.

    • Қолма-⁠қол
    • Карта
    • Kaspi
  • Қорытынды Telegram-⁠да

    Көліктер, түсім және салыстыру — әр ауысымнан кейін.

  • QR арқылы жазылу

    Клиенттер өздері жазылады, жазылу бірден админде көрінеді.

  • Лоялдылық бағдарламасы

    Әр N-⁠ші жуу тегін — клиент келгенде админ бірден көреді.

  • Иесінің кабинеті

    Ауысымдар журналы, аналитика, PDF және Excel.

Жуушылардың жалақысы — ауысым соңында дайын

Пайыз немесе әр көлікке тұрақты сома — әр жуушының есептелгені, төленгені, қарызы.

  • Өзі есептеледі. Админ жазылуда жуушыны таңдайды.

  • Кассадан төлем салыстыруға кіреді. Ауысымды жабарда берсеңіз — касса түгел шығады.

  • Жұмада дау жоқ. Әр көліктің жуушысы, уақыты және сомасы бар.

Иесінің кабинетіндегі жалақы экраны. Демо-⁠деректер

Ақтөбеде жұмыс істеп тұр

AutoLUX — 2026 жылдың сәуірінен бері Taptaza-⁠да.

Ақтөбедегі AutoLUX автожууы
ауысым жабылды
130+
көлік күніне орта есеппен
20
«Бұрын кешке кассаны қайта санап, ақша қайда кетті деп дауласатынбыз. Қазір телефонды ашсам болды — әр көлікті, әр ауысымды, жуушылардың жалақысын түгел көріп отырамын.»

AutoLUX логотипіAutoLUX автожууының иесіАқтөбе

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалай қосылуға болады?

taptaza.online/onboarding бетінде 2 минутта өзіңіз тіркеле аласыз немесе WhatsApp-⁠қа жазыңыз — баптауға көмектесеміз.

Ал жуушылар ше?

Оларға ештеңе орнатудың керегі жоқ. Админ жазылуда жуушыны таңдайды — пайыз өзі есептеледі.

Интернет үзілсе ше?

Админнің телефонында мобильді интернет болуы керек. Байланыс үзілсе, экран соны айтып, өзі қайта қосылады — енгізілген дерек жоғалмайды.

Касса аппараты керек пе?

Жоқ. Taptaza фискалдық чек бермейді — ол ақша түгел болуы үшін көліктерді, кассаны және жалақыны есептейді.

Барлық сұрақтар
Taptaza дәптерден не Excel-⁠ден несімен ерекшеленеді?

Клиенттер сайт арқылы өздері жазылады, касса өзі есептеледі, иесі түсімді алыстан көреді. Жазылу жоғалмайды, қолмен санаудың керегі жоқ.

Бірнеше автожуу қосуға бола ма?

Иә, әр автожуу өз сілтемесін алады және бөлек жұмыс істейді. Әр автожуу бөлек төленеді.

Taptaza Kaspi-⁠мен жұмыс істей ме?

Иә, есеп үш төлем түрі бойынша жүреді: қолма-⁠қол, карта, Kaspi. Ауысым есебінде бәрі бөлек көрсетіледі — иесі әр тәсілмен қанша түскенін көреді.

Клиенттер онлайн қалай жазылады?

Сізге taptaza.online/автожууыңыз түріндегі сілтеме беріледі. Клиент қызметті, күн мен уақытты таңдайды — жазылу админде бірден пайда болады.

AI көлікті қалай таниды?

Админ көлікті суретке түсіреді — AI бір секундта нөмірді, марканы, түсті және кузов түрін анықтайды. Клиент автожууыңызда бұрын болса, жүйе оның деректерін өзі толтырады.

Taptaza қанша тұрады?

Бір автожуу үшін айына 9 900 ₸, бәрі кіреді. Жылға бірден төлесеңіз — айына 7 920 ₸. Алғашқы 14 күн тегін, карта керек емес.

Қазақ тілі бар ма?

Сайт қазақша және орысша. Клиенттеріңіз көретін онлайн жазылу беті мен админ панелі әзірге тек орысша — аударып жатырмыз.

Төлемді тоқтатсам, деректерім не болады?

Деректер орнында қалады, ештеңе өшірілмейді. Панель қарау режиміне өтеді: жазылулар мен есептер ашылады, ауысымды жабуға және онлайн жазылуды жүргізуге де болады. Төледіңіз — жұмыс тоқтаған жерінен жалғасады.

Баға

9 900₸

бір автожуу үшін айына

Жылға бірден төлесеңіз — айына 7 920 ₸. Алғашқы 14 күн тегін. Карта керек емес.

Кузов жуу — 5 000 ₸. Бұрын кассаға түспей кететін айына екі көлік — және Taptaza өзін ақтайды.

  • Ауысымдар және кассаны салыстыру: қолма-⁠қол, карта, Kaspi
  • Жуушылардың жалақысы және кассадан төлемдер
  • Жазылулар, клиенттер базасы, сілтеме мен QR арқылы жазылу
  • Иесінің кабинеті: ауысымдар журналы, PDF және Excel
14 күн тегін қолданып көру

Өзіңіз 2 минутта тіркелесіз. Немесе WhatsApp-⁠қа жазыңыз